Геннадий Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегі қайда өтетіні анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Геннадий Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегі қайда өтетіні анықталды

Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкиннің келесі кездесуі қайда өтетіні белгілі болды.

БӨЛІСУ

BoxRec порталы таратқан мәлімет бойынша, 5 мамырға белгіленген жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand спорт кешенінде өтеді. Отандасымыздың қарсыласы әлі белгісіз. Ал Генаның Сауль "Канело" Альвареспен кездесуі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтуі керек еді. 

Еске салайық, 3-сәуірден 4-сәуірге қараған түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy промоутерлік компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" қазақстандық боксшыға қарсы өтетін жекпе-жегі болмайтыны хабарланған болатын.

Геннадий Головкин 5 мамыр күні жекпе-жек өткізгісі келеді. Ал GGG-мен жұдырықтасқысы келетін боксшылардың қатары мол. Атап айтар болсақ, америкалық Джермалл Чарло мен Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, мексикалық Хильберто Рамирес пен Хулио Сезар Чавес (кішісі) бар. 

Отандасымыздың қарсыласы жақын күндері белгілі болады.