Жұмағұлов Алматыдағы "Fight Nights Global" турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

Жұмағұлов Алматыдағы "Fight Nights Global" турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: massaget.kz

Аралас жекпе-жектен Алматыда ұйымдастырылған "Fight Nights Global 86" турнирі аяқталды. Кештің басты кездесуінде отандасымыз Жалғас Жұмағұлов америкалық спортшы Тайсон Нэмді айқын жеңді.

Қос спортшы арасындағы кездесу аса тартысты өтті. Тұра жүріп жұдырықтасқан спортшылардың жекпе-жегі жоспарланған 5 раундқа созылып, Жалғас төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

- Жалғас мықты қарсылас. Одан мұндай қарқын күтпедім. Ол мықты екен. Бір аптадан кейін дайындығымды бастап, келесі жекпе- жегімді күтемін, - деді америкалық спортшы.

- Көп дайындалдық. Еңбектің жеңісі. Бəрі менің жеңгенімді көрді. Қазақ елін ұятқа қалдырмадым. Сенім артқан жандардың үмітін ақтағаныма қуаныштымын, - деді Жалғас Жұмағұлов.

Ө. Сансызбай