"Астананы" ұтқан "Спортинг" ширек финалда "Атлетикомен" кездеседі

О Сансызбай Корреспондент
"Астананы" ұтқан "Спортинг" ширек финалда "Атлетикомен" кездеседі
Фото ©️ fca.kz

Футболдан Еуропа лигасы ширек финалының жеребесі тартылды. 1/16 финалда елордалық "Астананы" жарыс жолынан шығарған "Спортинг" Мадридтің "Атлетико" клубымен кездеседі.

БӨЛІСУ

Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тастау рәсіміне танымал француз футболшысы Эрик Абидаль қатысты.

Жеребе нәтижесі:

"РБ Лейпциг" (Германия) - "Олимпик Марсель" (Франция) 
"Арсенал" (Англия) - ЦСКА Мәскеу (Ресей) 
"Атлетико" Мадрид (Испания) - "Спортинг" Лиссабон (Португалия) 
"Лацио" (Италия) - "Зальцбург" (Австрия). 

Командалар арасындағы алғашқы ойындар 5 сәуірде, қарымта кездесулер араға бір апта салып өтеді.

Айта кетейік, Лиссабонның "Спортинг" клубы "Астанадан" кейін 1/8 финалда Пльзеннің "Виктория" командасын жарыс жолынан шығарды.