Елдос Сметов Екатеринбургтегі "Grand Slam" турниріне қатысады

О Сансызбай Корреспондент
Елдос Сметов Екатеринбургтегі "Grand Slam" турниріне қатысады
Фото ©️ Prosports.kz

17-18 наурыз күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік "Grand Slam" турнирі өтеді. Қазақстаннан бұл жарысқа 12 дзюдошы қатысады.

БӨЛІСУ

Екатеринбургтегі жарысқа Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов қатысады. Бұл спортшының осы жылдағы алғашқы жарысы. Қазіргі таңда отандасымыз өз салмағында (60 кг) IJF рейтингінде 32-орында тұр. Бір қызығы, Екатеринбургтегі "Grand Slam" турниріне Олимпиадада айласын асырып кеткен Беслан Мудранов та қатысады екен. 

Ресей жеріндегі жарыста Рио Олимпиадасына қатысқан дзюдошы Жансай Смағұлов та бақ сынайды. Сондай-ақ ерлер арасында Ғұмар Қырғызбаев (66 кг), Бекжан Абдуалиев (81 кг) пен Әділет Миссин (90 кг) ел намысын қорғайды.

Қыздар арасында бұл жарысқа Әйгерім Төреғожина (48 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Назгүл Құбашева (63 кг), Ділбар Өміралиева (63 кг), Зере Бектасқызы (70 кг), Альбина Амангелдиева (-78 кг), Зарина Райфова (-78 кг) барады.

Айта кетейік, 9-11 наурыз күндері Агадирде дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтті. Қазақстандық дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы командалық есепте жарысты 38 ел ішінде 6-орынмен аяқтаған болатын.