Еркебұлан Сейдахмет Ресей премьер-лигасындағы алғашқы ойынына қатысты

О Сансызбай Корреспондент
Еркебұлан Сейдахмет Ресей премьер-лигасындағы алғашқы ойынына қатысты
Фото ©️ Уфа фк

Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет "Уфа" клубы сапында Ресей премьер-лигасындағы алғашқы ойынын өткізді.

БӨЛІСУ

ХХІІ турда "Уфа" өз алаңында "Анжимен" кездесті. Қазақстандық шабуылшы алаңға екінші таймда шығып, Кехинде Фатаиды алмастырды.

Ойында алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті. Еркош өз командасының екінші және үшінші голдарының соғуына септігін тигізді. Ойын аяқталар тұста сары қағаз алып, орын алмастырды. Ойын соңынан команданың бас жаттықтырушысы Сергей Семак қазақстандық футболшының ойынын жоғары бағалады.

Еркебұлан Сейдахмет Ресей премьер-лигасындағы ең жас ойыншы атанды. Осыған дейін 1999 жылы дүниеге келген "Краснодар" шабуылшысы Магомед Шапи Сулейманов жас ойыншы болып келген еді.

Қазақстандық шабуылшы "Уфа" командасымен 4 ақпан күні ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойды. Ал жақында Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды.