Зарина Дияс мансабында Серена Уильямстан үшінші рет жеңілді

Зарина Дияс мансабында Серена Уильямстан үшінші рет жеңілді
Фото: gazeta.ru

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі (АҚШ) халықаралық турнирдің бірінші айналымынан аса алмады. Алғашқы ойында америкалық теннисші Серена Уильямстан жеңілді.

Ойын 1 сағат 33 минутқа созылды. Зарина бірінші сетте 7:5 есебімен ұтылса, екінші сетте 6:3 есебімен есе жіберді.

Қос теннисші осыған дейін де кортта екі рет кездескен. Америкалық теннисші 2015 жылы осы Индиан-Уэллс турнирінде 6:2, 6:0 есебімен, 2016 жылы Майамиде (АҚШ) 7:5, 6:3 есебімен ұтқан еді.

2017 жылы сәбилі болған Серена Уильямстың бұл спортқа қайта оралғандағы алғашқы ойыны. Екінші айналымда нидерланд теннисшісі Кики Бертенспен кездеседі.

Ө. Сансызбай