Қазақстандық боксшы WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуіне таласады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық боксшы WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуіне таласады
Фото ©️ inform.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуіне таласады. Жекпе-жек 6 сәуір күні Лос-Анджелесте өтеді.

БӨЛІСУ

Айдар чемпиондық белбеу сарапқа салынатын жекпе-жекте мексикалық Марио Тинокомен жұдырықтасады. Қарсыласы Әлемдік рейтингте 169-шы орында тұр. Кәсіпқой бокста 2010 жылдан бері  25 рет шаршы алаңға шығып, 16 рет жеңіске жеткен. 12 кездесуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан. Алайда, бес жекпе-жекте жеңіліп, төртеуінде тең түскен.

Кәсіпқой бокста жеті жекпе-жек өткізіп, жетеуінде де жеңіске жеткен, оның алтауында қарсыласын құлатқан Айдар Шәрібаев бұл күндері дайындығын АҚШ-тың Майами қаласында пысықтап жатыр.

Лос-Анджелестегі кәсіпқой бокс кешін әйгілі "Golden Boy" промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр. Айдардың айқасынан бөлек бұл кеште тағы төрт жекпе-жек өтеді.