Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Қайрат" "Еременко кубогында" үшінші жыл қатарынан топ жарды

"Қайрат" "Еременко кубогында" үшінші жыл қатарынан топ жарды

Футзалдан Алматының "Қайрат" клубы "Еременко кубогы" халықаралық турнирінде үшінші жыл қатарынан жеңімпаз атанды. Ресейде өткен доданың соңғы ойынында қазақстандық клуб Ресейдің КПРФ клубын ұтты.

7:3 есебімен алматылық команда жеңіске жеткен ойында Қайрат сапынан Хоссейн Тайеби екі гол соқса, Дуглас, Игита, Серік Жаманқұлов, Даниэль Роса және Алешандре бір-бір голдан соқты. Ресейлік клуб сапынан Паулиньо (дубль) мен Андрей Понкратов нәтижелі соққыларымен көзге түсті.

"Еременко кубогының" биылғы жеңімпазы командалардың доп айырмашылығы бойынша анықталды. Қайрат бірінші ойында "Норильский никель" командасына есе жіберіп (3:4), кейінгі ойында Латвияның "Никарс" командасын (7:3) ұтты.

Халықаралық турнир биыл бесінші рет ұйымдастырылды. "Қайрат" төрт рет топ жарған, бұл жарыстағы жетістігі жоғары команда. Алматылық команда 2014 жылы және 2016-2017 жылдары жеңімпаз атанды.

"Еременко кубогы" 2010 жылы дүниеден озған Константин Еременконы еске алуға арналған. 39 жасында көз жұмған спортшы 1999 жылы Ресей құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанды. ХХ ғасырдағы үздік ойыншылардың бірі. Футзалға үлкен футболдан ауысып келген.

Фото: afckairat.kz
Қосылған күні: 03 наурыз 2018, 09:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.