Ержан Естанов пен Расул Мирзаев үшінші рет жекпе-жекке шығады

О Сансызбай Корреспондент
Ержан Естанов пен Расул Мирзаев үшінші рет жекпе-жекке шығады
Фото ©️ vesti.kz

Ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Ержан Естанов (16-7) пен ресейлік Расул Мирзаев 17-1) өзара үшінші кездесуін өткізетін болды.

БӨЛІСУ

Кездесу 1 сәуір күні Алматыдағы ММА Fight Nights Global 86 жекпе-жек кешінде өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегінде отандасымыз Жалғас Жұмағұлов (10-3) пен америкалық Тайсон Нэм (16-8-1) кездеседі.

- Жекпе-жек кешінде көпшілікті керемет тосын сый күтіп тұр. Расул Мирзаев пен Ержан Естанов арасындағы кездесуге де куә болады көрермендер. Жекпе-жек ADCC ережесі бойынша өтіп, алматылық спортшы үшін есе қайтаратын керемет мүмкіндік болмақшы", - деп жазады Fight Nights ұйымының ресми Instagram парақшасы. 

Еске салайық, Естанов пен Мирзаев бұған дейін екі рет кездескен болатын. Тарқатып айтсақ, 2013 жылдың наурыз айында олар Алматыда "Ұлы соғыс" турнирінде кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша ресейлік спортшы жеңіске жеткен. Сосын 2014 жылдың қараша айында "Дала батырлары" турнирінде кездесіп, бұл жолы да Мирзаевтың мерейі үстем болған. 

Расул Мирзаев өзінің соңғы кездесуін 2016 жылдың қараша айында өткізіп, Леван Макашвилиден жеңіліп қалды. Содан соң 31-желтоқсан күні оны белгісіз біреулер оны өз үйінде атып кеткен еді. 

Ержан Естанов болса соңғы кездесуін өткен жылдың мамыр айында FNG 65 турнирінде өткізіп, Сергей Разиннен жеңіліп қалды.