Денис Тен алғаш рет Олимпиаданың финалдық кезеңіне шыға алмады

Денис Тен алғаш рет Олимпиаданың финалдық кезеңіне шыға алмады

Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Пхенчхандағы доданы қысқа бағдарламадан кейін-ақ аяқтады. Отандасымыз 30 қатысушының ішінде финалдық кезеңге өтетін 24 спортшы қатарына қосыла алмады.

Жарақатынан жаңа айығып жүрген қазақстандық спортшы үшін Пхенчхандағы ақ Олимпиада сәтсіз өтті. Қысқа бағдарламада Денис 70,12 ұпай жинап, нәтижесі төмен болды. 30 спортшы ішінде 27-орынға табан тіреді.

- Осыған дейін де айтқанымдай, бұл маусым мен үшін өте қиын болды. Дегенмен де Пхенчханға келіп, өнер көрсетіп жатқанымды мақтан тұтамын. Себебі мен күнделікті ұйықтар алдында аяғымның ауырып жатқанын сезетінмін. Бұл мен үшін күнделікті күрес болып кетті. Пхенчханға қатты келгім келді. Осында келгеніме қуаныштымын. Бірақ, өкінішке қарай, барлығы ойдағыдай болмады. Дегенмен көңілімді түсірмеймін. Болашақта бабыма келуге тырысамын", - деді ДенисТен.

Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаушы соңғы рет Оңтүстік Корея жерінде жарақат алып, балдақ және гипспен қайтқанын да айта кетіп, Олимпиадаға барын сала дайындалғанын да жасырмады.

- Спорт құрбандықты талап етеді, бірақ мен ақталуды қаламаймын. Мен расымен де, турнирге барынша дайындалдым. Қанша күш салып, дайындалсаң да үмітіңнің ақталмағаны жаман. Бірақ бұл өмір ғой. Сәтсіз өнер көрсеткенімен қарамастан алда мені және бүкіл Қазақстан құрамасын тамаша жетістіктер күтуде деп білемін. Ал үшінші Олимпиада қатысқаныма қуаныштымын, соңғысы емес деп ойлаймын, - деді спортшы.

Қысқа бағдарлама бойынша жапон Юдзуру Ханю көш бастады. Ол 111,68 ұпайға ие болды. Екінші орында испан Хавьер Фернандес келеді. Оның өнерін төрешілер 107,58 ұпаймен бағалады. Үздік үштікті тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы Шома Уно (104,17 ұпай) түйіндеп тұр.

kaz.vesti.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Конор МакГрегор сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
Конор МакГрегор сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
Қара түсті хайуанаттардың сыры
Қара түсті хайуанаттардың сыры
Апельсиннің "бауырлары"
Апельсиннің "бауырлары"
Динозавр дәуірінен қалған жеміс
Динозавр дәуірінен қалған жеміс
Қазіргі брендтердің бұрынғы логотиптері
Қазіргі брендтердің бұрынғы логотиптері
Қояндардың тістері өмір бойы өседі
Қояндардың тістері өмір бойы өседі