Алмат Кебіспаев пен Асхат Ділмұхамедов – Азия чемпионы!

О Сансызбай Корреспондент
Алмат Кебіспаев пен Асхат Ділмұхамедов – Азия чемпионы!
Фото ©️ google.kz

Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны бүгін 2 алтын 1 күміс 1 қола медальмен толықты. Грек-рим күресінен Алмат Кебіспаев пен Асхат Ділмұхамедов Азия чемпионы атанды.

БӨЛІСУ

67 кг салмақ дәрежесінде белдескен Алмат алғашқы кездесуінде өзбек Мирзобек Рахметовті жеңді. Жартылай финалда үнді балуаны Маниш Маништен айласын асырды. Ал финалда жапон Цучика Шимоямадан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Алмат Кебіспаев спорттағы мансабында екінші рет Азия чемпионы атанып отыр. Сондай-ақ сары құрлықтың басты додасында екі рет күміс алған.

81 кг салмақ дәрежесінде Асхат Ділмұхамедов алтын алды. Финалда қырғыз Атабек Азисбековті жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ол осыған дейін екі рет қола жүлдегер атанған балуан.

72 кг салмақта Демеу Жадыраев финалда қырғыз Ақжол Махмудовқа жол беріп, күміс медаль еншіледі. 97 кг-да Ерұлан Ысқақов Ирак елінің балуанын жеңіп, қола алды.

Айта кетейік, кеше грек-рим күресінен қазақ балуандары 3 қола медаль жеңіп алған болатын.