Ресейлік спортшы Олимпиада медалін қайтарып береді

Ресейлік спортшы Олимпиада медалін қайтарып береді
Фото: ©TASS

Александр Крушельницкий  сынамасынан мельдоний табылғаны туралы мәлімдемеге қол қойылған. Ол Олимпиадада керлингтен аралас жұпта қола жүлде алған еді.

Енді Ресейлік атлетке қатысты іс ашқан Спорт жөніндегі төрелік сотта тыңдау өтеді.

Айта кетейік, допингке қатысты ережелерді бұзды деген айыпқа іліккен Ресей Олимпиадаға дербес тумен қатысып жатыр. Халықаралық Олимпиада комитеті ресейлік спортшылардың Олимпиаданың жабылу салтанатында Ресейдің туын ұстап шығу-шықпау мәселесін 24 ақпанда қарайтын болады.

baribar.kz

А. Қажиев