Теннистен жылдың қорытынды жарысының жеребесі тартылды

Теннистен жылдың қорытынды жарысының жеребесі тартылды

Еуропа мен Азияны тең бөліп жатқан ірі шаһар Стамбулда кеше  теннистен WTA яғни әйелдер арасындағы  жылдың қорытынды додасы жалауын көтерді.  Әдеттегідей  дәстүрлі турнирде  жылдық көрсеткіш бойынша кестеде  алғашқы сегіздікке енген үздіктер ғана бақ сынады.

Жарыс алдында тартылған жеребеден кейін әлемнің бірінші және екінші ракеткалары Виктория Азаренко мен Мария Шарапова, өздері бастаған топтағы қарсыластарын білді. Америкалық Серена Уильямс, неміс Ангелина Кербер және қытайлық Ли На  Беларусь теннисшісі бастаған “қызыл топтан” табылса, “ақ топтың” лидері Мария Шарапова алғашқы раундта поляк қызы Агнешка Радванска, чех Петра Квитова сондай-ақ италиялық Сара Эрранимен таласқа түседі.  Өз тобында бірінші және екінші орынды иеленген теннисшілер жарысты одан әрі жалғастырады.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН