Арман Рысбек кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді

О Сансызбай Корреспондент
Арман Рысбек кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді
Фото ©️ vk.com

Арман Рысбек кәсіпқой бокстағы мансабын бастады. Қазақстандық боксшы АҚШ жерінде америкалық боксшы Джон Морхаусты нокаутпен жеңді.

БӨЛІСУ

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек бірінші раундтан аспады. Арманның жойқын соққыларынан кейін қарсыласы бірнеше рет тізерледі. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатты.

 

Публикация от Vesti.kz (@vestigram)Фев 23, 2018 в 8:48 PST

Айта кетейік, осыған дейін Арман Рысбектің екі бірдей жекпе-жегі өтпей қалған еді. Бірінші кездесуінде қарсыласының денсаулығы сыр берсе, екінші рет жекпе-жекке шығарда қарсыласы жұдырықтасуға келмей қалған болатын.

Қазақстандық боксшы өткен жылы "Astana Arlans" сапында жұдырықтасты. 7 жекпе-жек өткізіп, 5-де жеңіске жетті. 2017 жылғы WSB жобасынның жеңімпазы атанды.