Олимпиадада еліміздің туын көтеріп шыққан спортшы финалға шыға алмады

Олимпиадада еліміздің туын көтеріп шыққан спортшы финалға шыға алмады
Фото: vesti.kz

Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туын көтеріп шыққан шорт-трекші Абзал Әжғалиев финалға шыға алмады. 

500 метрлік сайысқа Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша қатысты. Арасынан Абзал ғана жартылай финалға өткен. Алайда қазақстандық спортшы финалға өте алмай, 9-орынмен жарысты аяқтады.

Бұл сайыста қытайлық шорт-трекші У Дацзин Олимпиада чемпионы атанды. Жеңімпаз атанып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты. Күміс және қола медальды оңтүстік кореялық спортшылар Хван Дэ Хон және Лим Хё Чун иеленді. 

Аз уақыттан соң қазақстандық шорт-трекшілер 5000 метрлік эстафеталық сайыста жарыс жолына шығады. 

Ө. Сансызбай