Германиядағы "Grand Slam" турниріне қатысатын дзюдошылар белгілі болды

Германиядағы "Grand Slam" турниріне қатысатын дзюдошылар белгілі болды
Фото: fdk.kz

23-25 ақпан аралығында Германияның Дюссельдорф қаласында "Grand Slam" жарысы өткізіледі. Онда еліміздің намысын 16 спортшы қорғайтын болады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайты хабарлап отыр. 

Ерлер

Рустам Ибраев (60 кг) 
Ержан Еренғайыпов (60 кг) 
Елдос Жұмақанов (66 кг) 
Ғұмар Қырғызбев (66 кг) 
Жансай Смағұлов (73 кг) 
Азиз Қалқаманұлы (81 кг) 
Сұңғат Закарияев (90 кг) 
Айбол Айтбек (-90 кг) 
Даурен Нұралинов (+100 кг)

Әйелдер

Әйгерім Төреғожина (48 кг) 
Севара Нышанбаева (57 кг) 
Мариан Урдабаева (63 кг) 
Аэлита Щербакова (70 кг) 
Альбина Амангелдиева (-78 кг) 
Зарина Райфова (-78 кг) 
Гүлжан Исанова (+78 кг)

Ө. Сансызбай