Қазақстандық велоспортшы "Оман туры" көпкүндігінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық велоспортшы "Оман туры" көпкүндігінде жеңімпаз атанды
Фото: "Астана" велоклубы

Қазақстандық велоспортшы, "Астана" велоклубының өкілі Алексей Луценко "Оман туры" көпкүндігінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жарыста екінші орынды да "Астана" клубының колумбиялық легионері Мигель Анхель Лопес иеленді. Ол екінші орыннан көрініп қана қоймай, ең жас үздік велоспортшы марапатына ие болды.

Оман туры көпкүндігі 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2016 жылы "Астана" клубының италиялық легионері Винченцо Нибали жеңімпаз атанған. Ал бұл жарыста бірнеше рет жеңіске жеткен спортшы – Крис Фрум. "Sky" командасының өкілі 2013-2014 жылдары жеңімпаз тұғырын бермеген.

Алексей Луценко өткен жылы "Вуэльта" көпкүндігінің бесінші кезеңінде үздік шыққан болатын. Сондай-ақ "Алматы туры" жарысында төртінші жыл қатарынан топ жарған еді.

Н. Үсенова