Қазақстандық шаңғышылар эстафеталық сайыста 8-орын алды

Қазақстандық шаңғышылар эстафеталық сайыста 8-орын алды
Фото: Ізтұрған Алдауев

Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан эстафеталық сын аяқталды. Қазақстандық шаңғышылар 8-орыннан көрінді.

10 шақырымдық эстафеталық сайыста жарыс жолына бірінші болып Алексей Полторанин шықты. Ол қарсыластарын басып озып, бірінші келді. Кейіннен эстафета жолын жалғаған Денис Волотка, Евгений Величко және  Виталий Пухкало нәтижені сақтап қала алмады. Қорытындысында Қазақстан құрамасы 8-орынды місе тұтты.

Эстафеталық сайыста Норвегия құрамасы жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені ресейлік шаңғышылар иеленді. Қоланы Франция құрамасы жеңіп алды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде бір қола жүлде бар. Оны фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған болатын.

Н. Үсенова