Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір орын төмен сырғыды

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір орын төмен сырғыды
Фото: kff.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) жаңарған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы 1 саты төмендеп, 137-ші орынға тұрақтады.

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер орын алмаған. Германия құрамасы көш басында болса, екінші орында Бразилия құрамасы келеді. Үштікті Португалия құрамасы қорытындылап тұр.

1 (1). Германия - 1 602 ұпай
2 (2). Бразилия - 1 483
3 (3). Португалия - 1 358
4 (4). Аргентина - 1 348
5 (5). Бельгия - 1 325
6 (6). Испания - 1 231
7 (7). Польша - 1 209
8 (8). Швейцария - 1 190
9 (9). Франция - 1 183
10 (10). Чили - 1 162

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Египет ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 13 саты төмендеп, 43-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Конго құрамасы еншіледі. Олар 8 саты жоғарылап, 88-ші орынға табан тіреген.

Қазақстан құрамасы қаңтар айында ойындар өткізген жоқ. Әзірге ұлттық құрама жаттықтырушысы да тағайындалған жоқ. Отандастарымыз наурыз айында екі жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен, 23 наурыз күні Венгрия құрамасымен ойнайды. Араға үш күн сала Болгария құрамасымен кездеседі.

Ө. Сансызбай