Қазақстандық шаңғышылар жартылай финалға шыға алмады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық шаңғышылар жартылай финалға шыға алмады
Фото ©️ Ізтұрған Алдауев

Қазақстандық шаңғышылар Алексей Полторанин мен Анна Шевченко Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында классикалық спринттік сайыста жартылай финалға шыға алмады.

БӨЛІСУ

Алексей Полторанин өз тобындағы алтылықта мәре сызығын төртінші болып кесіп, жарысты аяқтады. Бұл сайыста норвег Йоханнес Клейбо мен швед Теодор Петерсон бірінші және екінші болып келіп финалға шықты.

Әйелдер арасында Анна Шевченко алтыншы орында қалып, жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болған жоқ.

Сондай-ақ бүгін жарыс жолына шыққан шорт-трекшілер де жүлделі орынға таласа алмады. 1000 метрге дейінгі қашықтықта Нұрберген Жұмағазиев іріктеуден аса алмаса, ұлттық құрама 5-8 орындарға таласуға ғана мүмкіндік алды.