Қазақстандық шаңғышылар ширек финалға шықты

Қазақстандық шаңғышылар ширек финалға шықты
Фото: xc-ski.de

Қазақстандық шаңғышылар Алексей Полторанин мен Анна Шевченко Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында классикалық спринттік сайыста ширек финалға шықты.

Спринттік кезең қашықтығын қазақстандық шаңғышы 3 минут 14.43 секундта жүріп өтті. Нәтижесінде 13-орынмен ширек финалға шықты. Ерлер арасындағы спринттік жарысқа 80 спортшы қатысты.

Әйелдер арасында Анна Шевченко спринттік сайыс қашықтығын 3 минут 23,27 секундта жүріп өтіп, 27-орыннан көрінді. Жарыс жолына барлығы 67 спортшы шыққан. Оның 30-ы ширек финалға жолдама алды.

Қазақстандық өзге шаңғышылар Денис Волотка 52-ші, Елена Коломина 55-ші, ал Валерия Тюленева 60-орыннан көрініп, жарысты аяқтады.

Әйелдер арасындағы ширек финалдағы спринттік сайыс Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Одан кейін ерлер жарыс жолына шығады. 

Ө. Сансызбай