Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Олимпиада-2018. Дүйсенбіде жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылар

Олимпиада-2018. Дүйсенбіде жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылар

Олимпиада-2018. Дүйсенбіде жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылар

Дүйсенбі күні Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында 7 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Назарларыңызға 12 ақпан күні сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.

Қысқы Олимпиада ойындары алдында Қазақстан құрамасы сапында жүлдеден басты үмітті спортшылардың бірі деп Дмитрий Рейхерд есімі аталған. Gracenote мен АР спорт сарапшылары да осы спортшы қола жүлде алады деп болжаған-ды. Фристайлдың могул сайысынан сынға түсетін отандасымыз бірінші іріктеу кезеңінде үшінші орынмен финалдық кезеңге өтті. Дүйсенбіде отандасымыз жүлдеге таласатын болады.

Сондай-ақ 12 ақпанда жарыс жолына шығатын өзге де спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Спорт түрі: Тау шаңғысы. Алып слалом. Бірінші іріктеу. Әйелдер
Қатысушы: Мария Григорова
Басталуы: Астана уақытымен сағат 07:15-те басталады
Тікелей эфир: QAZSPORT

Спорт түрі: Тау шаңғысы. Алып слалом. Екінші іріктеу. Әйелдер
Қатысушы: Мария Григорова
Басталуы: Астана уақытымен сағат 10:45-те басталады
Тікелей эфир: "Хабар"

Спорт түрі: Биатлон. Із қуа жарысу (10 км). Әйелдер
Қатысушылар: Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова, Дарья Климина
Басталуы: Астана уақытымен сағат 16:10-да басталады
Тікелей эфир: QAZSPORT

Спорт түрі: Биатлон. Із қуа жарысу (12,5 км). Ерлер
Қатысушылар: Максим Браун, Василий Подкорытов, Роман Еремин, Владислав Витенко
Басталуы: Астана уақытымен сағат 18:00-де
Тікелей эфир: QAZSPORT

Спорт түрі: Фристайл. Могул. Финал. Ерлер
Қатысушылар: Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков
Басталуы: Астана уақытымен сағат 18:00-де
Тікелей эфир: "Қазақстан"

Спорт түрі: Коньки. 1 500 метр. Әйелдер
Қатысушы: Екатерина Айдова
Басталуы: Астана уақытымен сағат 18:30-да

Айта кетейік, жексенбіде фристайлшы Юлия Галышева Қазақстан құрамасы қоржынына қола жүлде салды. Осыған дейін бұл спорт түрінен Олимпиадада қазақстандық спортшылар жүлделі орыннан көрінбеген.

Екі күннің қорытындысы бойынша 3 алтын 1 қола медаль еншілеген Германия құрамасы көш бастап келеді. Екінші орында Нидерланд елінің спортшылары тұр. Олар 2 алтын 2 күміс 1 қола алған. Үздік үштікті норвегтер түйіндеуде. Олардың еншісінде 1 алтын 4 күміс 3 қола медаль бар. Қазақстан құрамасы 1 қола медальмен 11-орында тұр.

521 2
Рейтинг: +1

Фото: Ізтұрған Алдауев
Қосылған күні: 11 ақпан, 22:37
Пікірлер
+1
12 ақпан, 17:03

Конькимен жүгіру спортын қай каналдан көрсетеді?

+0
12 ақпан, 17:59

Қазақстандық арналар бағдарламасында жоқ. Қайталау түнде QazSport арнасынан болады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...