Футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы 4-орын алды

Футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы 4-орын алды
Фото: UEFA

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Люблянада өткен Еуропа чемпионатында 4-орын алды. Қола жүде үшін таласта қазақстандық ойыншылар 1:0 есебімен Ресей құрамасына жол берді.

Ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. Екінші таймда Эдер Лиманың соққан голы ресейліктерге жеңіс сыйлады.

Екі командада гол соғатын мүмкіндіктер болды. Бірнеше рет қақпа бағанына тиген сәттер болды. Әсіресе ойын соңына қарай Қазақстан құрамасының есеп теңестіретін мүмкіндіктері болған. Сәттілік жетіспеді. Сондай-ақ Дуглас Жуниордың қызыл қағаз алуы – ресейліктердің ойыншы басымдығын асырды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Ресей құрамалары бір топта болды. Ойында 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Футзалдан Қазақстан құрамасы екінші рет Еуропа чемпионатының жартылай финалына шығып отыр. 2016 жылы Белградта (Сербия) өткен додада қола жүлдеге қол жеткізген еді. 

Ө. Сансызбай