Ақ Олимпиаданың алғашқы алтынын швед спортшысы иеленді

Ақ Олимпиаданың алғашқы алтынын швед спортшысы иеленді
Фото: interfax.ru, Данияр Майлыбаев

Пхенчхандағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтынын швед шаңғышысы Шарлотт Калла жеңіп алды. Ол 15 шақырымдық скиатлон сынында (7,5 шақырым еркін стильде, 7,5 шақырым классикалық стильде) үздік шықты.

Шарлотт Калла 15 шақырымды 40 минут 44,9 секундта жүріп өтіп, алтын медаль еншіледі. Күміс жүлдені норвег Марит Бьерген еншіледі. Қола медальға фин Криста Пармакоски иеленді.

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Анна Шевченко, Елена Коломина және Валерия Тюленевалар қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша Анна 36-орынға (+3:40.2) жайғасса, Елена 54-орын (+5:43.6) алды, ал Валерия болса техникалық себептерге байланысты жарыс жолынан шығып қалды. 

Еске салайық, қысқы Олимпиада ойындары 25 ақпанға дейін жалғасады. Бұл бәсекеде 92 елдің спортшылары бақ сынап жатыр. 

Ө. Сансызбай