"Astana Arlans" - "Indian Tigers" командаларының Қарағандыда жұдырықтасатын құрамы

"Astana Arlans" - "Indian Tigers" командаларының Қарағандыда жұдырықтасатын құрамы
Фото: Astana Arlans

"Astana Arlans" бокс командасы ертең Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) VIII маусымын бастайды. Топтағы алғашқы қарсылас – "Indian Tigers" (Үндістан) командасы.

Қос команда арасындағы кездесу Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы спорт кешенінде өтеді. Тікелей эфирде "Хабар" арнасы көрсететін болады. Астана уақытымен сағат 17:25-те басталады. Үндістандық WSB жобасына алғаш рет қатысып отыр. 

Жекпе-жекке шығатын боксшылар:

52 кг: Ақниет Балтабаев - Бишт Кавиндер Сингх
60 кг: Серік Теміржанов - Дахия Анкуш
69 кг: Бекболат Құрамысов - Негги Дурьодхан Сингх
81 кг: Нұрдәулет Жарманов - Ядав Брижеш
+91 кг: Нұрсұлтан Аманжолов - Парвеен Кумар

Айта кетейік, жақында ғана команданың бас менеджері ауысқан болатын. Осыған дейін Серік Сәпиев атқарып келген қызметті Бақтияр Артаев тізгініне алған еді.

Ө. Сансызбай