Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалдық кезеңіне шықты

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалдық кезеңіне шықты
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық могулшылар Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков пен Юлия Галышева Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарының финалдық кезеңіне шықты.

БӨЛІСУ

Ерлер арасындағы сында Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков жоғары нәтижемен финалдық кезеңге шықты. Дмитрий 81,23 ұпай жинап үшінші нәтиже көрсетті. 79,98 ұпай жинаған Павел Колмаков 7-ші орынмен финалдық кезеңге жолдама алды.

Канадалық спортшы Майкл Кингсбери үздік нәтиже (86,07 ұпай) көрсетті. Іріктеудегі көрсеткіш бойынша екінші орында ресейлік Александр Смышалев (83,93 ұпай) тұр. Финалдық кезең 12 ақпанда өтеді.

Қыздар арасында Юлия Галышева финалдық кезеңге өтті. 76,36 ұпай жинаған отандасымыз финалдық кезеңге 7-орынмен шықты. Ал Аяулым Әміренова бірінші іріктеуде финалдық кезеңге өте алмады. 11 ақпанда оның финалға шығатын тағы бір мүмкіндігі бар. Финалға шыға алмағандарға іріктеу Астана уақытымен 16:30-да басталады, ал финал 18:00-де басталады.

Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Тікелей эфирде "Qazaqstan", "QazSport" және "Хабар" арналары көрсетеді.