Қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы спортшымыз іріктеуден аса алмады

О Сансызбай Корреспондент
Қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы спортшымыз іріктеуден аса алмады
Фото ©️ zimbio.com

Пхенчхандағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталмаса да, кей спорт түрлерінен іріктеулер басталып кетті. Бүгін трамплиннен секіру (90 м) сынында Сергей Ткаченко жарыс жолына шығып, іріктеуден өте алмады.

БӨЛІСУ

18 жастағы қазақстандық спортшы 51-орын алды. Оның алдындағы 50 спортшы іріктеу кезеңінен өтті.

Сергей Ткаченко үшін жарыс аяқталған жоқ. 16 ақпан күні алып трамплин (125 м) сынында бақ сынайтын болады. Шығысқазақстандық спортшы алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысып отыр.

9 ақпан күні қазақстандық спортшылар қатарынан жүлдеден үмітті могулшілеріміз жарыс жолына шығып, іріктеу кезеңіне қатысады. 

Спорт түрі: Фристайл. Могул.  Әйелдер. Іріктеу кезеңі
Қатысушылар: Юлия Галышева, Аяулым Әміренова
Басталуы: Астана уақытымен сағат 07:00

Спорт түрі: Фристайл. Могул. Ерлер. Іріктеу кезеңі
Қатысушылар:
 Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков
Басталуы: сағат 08:45

Айта кетейік, Пхенчхандағы Олимпиаданың ашылу салтанаты ертең Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Қазақстанның туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев көтеріп шығады.