"Астана" Дубайда Қытайдың тағы бір командасын ойсырата ұтты

"Астана" Дубайда Қытайдың тағы бір командасын ойсырата ұтты
Фото: Астана ФК

Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Астана" футбол клубы Қытайдың "Шаньдун Лунэн" командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойында Юрий Логвиненко (26 минут), Джордже Деспотович (67 минут) пен Юрий Перцух (90 минут) гол соқты.

Елордалық команда 6 ақпан күні де қытайлық команданың бірі "Ляонин Хувинмен" жолдастық кездесу өткізіп, 6:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Станимир Стойлов шәкірттері осымен оқу-жаттығу жиындары кезіндегі жолдастық кездесулерін аяқтады. 15 ақпан күні Астанада Еуропа лигасының 1/16 финалы аясында Португалияның "Спортинг" клубымен кездеседі.

Ө. Сансызбай