Олимпиада қалашығында Қазақстанның туы көтерілді

 Олимпиада қалашығында Қазақстанның туы көтерілді
Фото: Vesti.kz, Юлия Милова©

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстанның спорт делегациясы Пхенчханға жетті. Бүгін спортшылар тұрақтаған қалашықта еліміздің көк туы биікке көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Салтанатты шара Олимпиада қалашығында өтті. Спортта дәстүрге айналған мұндай шара жарыс қалашығына туы көтерілген елдің спортшылары келгенінен хабар береді.






Ө. Сансызбай