Футзалдан Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Футзалдан Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды
Фото ©️ Kazfootball.kz

Футзалдан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан Қазақстан ұлттық құрамасының қарсыласы анықталды. Отандастарымыз финал жолдамасы үшін өтетін ойында Испанияға қарсы ойнайды.

БӨЛІСУ

Түнде Люблянада өткен ойында Испания құрамасы Украинаны 1:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Ойындағы бір голды 18 минутта Пола соқты.

Жартылай финалдағы Қазақстан мен Испания құрамалары арасындағы ойын 8 ақпаннан 9 ақпанға қараған түні өтеді. Астана уақытымен сағат 22:00-де басталатын кездесуді "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Испания – Еуропаның жеті дүркін чемпиондары (1996, 2001, 2005, 2007, 2010, 2012, 2016). 2016 жылы Белградта өткен доданың жартылай финалында Қазақстанды 5:3 есебімен ұтып, финалға шыққан болатын. Биыл да қос құраманың жолы түйісті.

Жартылай финалдағы екінші жұпта Ресей мен Португалия құрамалары кездеседі.

Естеріңізде болса Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Польшаны 5:1 есебімен ұтып, Ресеймен тең (1:1) түскен болатын. Ширек финалда Сербия құрамасын 3:1 есебімен жарыстан шығарған болатын.