Қазақстандық жеңіл атлеттер Тегеранда 12 медаль жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық жеңіл атлеттер Тегеранда 12 медаль жеңіп алды
Фото ©️ ThePapare.com

Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар 12 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 1-орын алды.

БӨЛІСУ

Отандастарымыз 7 алтын 4 күміс 1 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде 24 медаль еншілеген Иран құрамасын екінші орында қалдырды. Олар 5 алтын 9 күміс 10 қола медаль иеленген. Үздік үштікті катарлық спортшылар (4 алтын 3 күміс 2 қола) түйіндеді.

Жүлде алған қазақстандық спортшылар:

Алтын

1. Татьяна Нерознак, 3000 метрге жүгіру;
2. Ирина Эктова, үш қарғып секіру;
3. Светлана Голендова, 400 метрге жүгіру;
4. Әйгерім Шыназбекова, 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру;
5. Анастасия Ермакова, сырықпен секіру;
6. Никита Филиппов, сырықпен секіру;
7. 4х400 метрлік эстафета, әйелдер (Светлана Голендова, Аделина Ахметова, Виктория Зябкина, Элина Михина).

Күміс

1.Виктория Зябкина, 60 метрге жүгіру;
2. Элина Михина, 400 метрге жүгіру;
3. Татьяна Нерознак, 1500 метрге жүгіру;
4. 4х400 метрлік эстафета, ерлер (Андрей Соколов, Сергей Зайков, Дмитрий Коблов, Михаил Литвин).

Қола

1.Надежда Дубовицкая, сырықпен секіру.