Головкин есімі Ресейдегі бокстың құрмет залына қосылды

Головкин есімі Ресейдегі бокстың құрмет залына қосылды

Головкин есімі Ресейдегі бокстың құрмет залына қосылды.

Бұл туралы боксшы өзінің инстаграм парақшасында хабарлады. Ресей БАҚ өкілдері хабарлауынша, жарияланымда: "Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің есімі Мәскеудегі бокстың құрмет залына қосылды. Бұл туралы Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан Халықаралық бокс форумы барысында белгілі болды", - делінген.

Құрмет залына Головкинмен қатар Ресейден шыққан Олимпиада ойындарының чемпиондары Алексей Тищенко, Олег Саитов және Борис Лагутиндердің есімдері де қосылады. Сондай-ақ, құрмет залына қосылған боксшылардың қатарында панамалық даңқты боксшы Роберт Дюран, Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы кубалық Феликс Савон және Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы қытайлық Цзоу Шимин де бар.

Бұған дейін Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлек Мәскеудегі бокстың құрмет залының құрылысы 2018 жылы басталатынын айтқан.

А. Оралқызы