Туған күніңмен, футбол патшасы!

Ақерке Әбілхан Корреспондент
Туған күніңмен, футбол патшасы!

Бүгін, 23 қазан аты аңызға айналған футболшы Пеленің туған күні! 

БӨЛІСУ

Атақты футболшы Пеле спорттағы жеңістеріне өзінің дарыны арқасында ғана емес, шексіз еңбексүйгіштігінің арқасында да қол жеткізді. Табиғатынан ерекше жаратылған дарын иесі өзінің бар күшін футбол техникасын меңгеруге жұмсады. Сонымен қатар Пеле гол сезгіштігімен де атақты.

Пеле (Эдсон Арантес ду Насименту) 1940 жылы 23 қазан күні Трес-Корасойнс қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Бала кезінен аяқдопқа әуес болып өскен бала футбол десе, ішкен асын жерге қоюға дайын еді. Жеті жасынан бастап жергілікті командада ойнады. Команда жаттықтырушысы Валдемар де Брито (Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы) оған «Сантос» клубына баруға кеңес берді. «Сантос» клубы үшін ойнаған он сегіз жылында Пеле Сан-Пауло штатының 11 рет чемпионы болып, 6 рет Бразилия кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар Құрлықаралық Кубок пен Либертадорес Кубогын да иеленді. Он жеті жасар Пеле 1958 жылы ұлттық құрама чемпионатына сынға түсіп, футбол тарихында ең жас чемпион атанды.


Футбол тарихында аты аңызға айналған Пеле Бразилия құрамасында (осы құрамада ол 92 ойынға қатысып, 77 гол соқты), АҚШ құрамасында ойнады. 1977 жылы соңғы ойынымен ол өзінің футбол карьерасына нүкте қойды. Әлемді өзіне қаратқан ұлы ойыншының 1281 голы  ресми тіркелген. 1999 жылы Халықаралақ олимпиадалық комитет Пелені 20 ғасырдың үздік ойыншысы деген атқа лайық деп тапты. Ал Time журналы бойынша ол әлемнің ең беделді 100 адамының бірі. Өзінің футболдағы ғұмырына тоқтау қойғаннан кейін Пеле саятсатқа бет бұрды. 1990 жылдардың жартысында ол Бразилиядағы жастар ісі, туризм және спорт министрілігін басқарды. Балалар арасында футбол ойынының деңгейін көтеру мақсатын қолға алып, өз қалауымен БҰҰ-ның елшісі болып та біраз іс атқарды.

Пеле – «Мен Пелемін» сынды автобиографияның авторы. Оның үстіне ол әлем жұртшылығына телекомментатор, өз әндерінің авторы және орындаушысы ретінде де таныс. Жолы болғыш кәсіпкер екендігі де жасырын емес. Өзінің футболға деген махаббатын ол ұлы Эдиньоға берді. Ал Сантоста 19 қараша "Пеле күні" деп тойланады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: eurosport.ru, pelestar.ru