Юлия Путинцева Тайвэйдегі турнирдің ширек финалына шықты

Юлия Путинцева Тайвэйдегі турнирдің ширек финалына шықты
Фото: wordpress.com

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайтын Тайбэйдегі халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.

Жарыстың екінші кезеңінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Чжан Кайчжэньді (Тайвэй) 6:3, 7:6 есебімен ұтты. Ойын 1 сағат 48 минутқа созылды.

Юлия Путинцева бірінші кезеңде жапон Дюнри Намигатаны жарыс жолынан шығарған болатын.

Ширек финалда украиналық теннисші Катерина Козловамен жартылай финал жолдамасына таласады. Юлия WTA ретингінде 51-орында болса, Катерина 85-орында тұр.

Зарина Дияс болса екінші кезеңде румын Моника Никулескуге есе жіберіп, жарысты 1/8 финалда аяқтады. 2 сағат 3 минутқа созылған ойында 2:1 есебімен Моника жеңіске жетті. Бірінші сетте Зарина бірде-бір геймде қарсыласын жеңе алған жоқ. 6:0 есебімен ұтылды. Екінші сетте Зарина қарсыласын 6:1 есебімен ұтты. Үшінші сетте 6:4 есебімен қарсыласына жол берді.

Зарина Дияс бірінші айналымда ресейлік теннисші Анна Блинкованы ұтқан еді.

Ө. Сансызбай