ХОК шәкіртақысын алатын қазақстандық 24 спортшы

О Сансызбай Корреспондент
ХОК шәкіртақысын алатын қазақстандық 24 спортшы
Фото ©️ infoaccent.net

Қазақстандық 6 боксшы Халықаралық Олимпиада Комитетінің (ХОК) "Олимпиадалық ынтымақтастық" бағдарламасы аясында "Токио-2020 олимпиадалық шәкіртақысының" иегері атанғанын жазған едік. Ал бұл шәкіртақыға барлығы 24 спортшы ие болды.

БӨЛІСУ

"Олимпиадалық ынтымақтастық" - Халықаралық Олимпиада Комитетінің олимпиадалық қозғалысты дамытуға арналған бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында ұлттық федерациялар ұсынған шәкіртақыға үміткер спортшыларды Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті халықаралық ұйымға жіберген болатын. Өтінімдерді қабылдаған ХОК шәкіртақы алуға лайықты спортшыларды анықтады.

Қазақстандық 24 спортшыға шәкіртақы бөлінген. Бұл қаржылық қолдау спортшылардың Олимпиада ойындарына дұрыс жаттығуын қамтамасыз етуге арналған.

ХОК шәкіртақысын алатын спортшылар:

1. Назым Қызайбай (бокс)
2. Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо)
3. Мария Овчинникова (жеңіл атлетика)
4. Карина Горичева (жеңіл атлетика)
5. Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика)
6. Екатерина Ларионова (әйелдер күресі)
7. Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі)
8. Дариға Шәкімова (бокс)
9. Дмитрий Баландин (жүзу)
10. Елдос Сметов (дзюдо)
11. Василий Левит (бокс)
12. Мейрамбек Айнағұлов (күрес)
13. Қайрат Ералиев (бокс)
14. Абылайхан Жүсіпов (бокс)
15. Әбілхан Аманқұл (бокс)
16. Кирилл Герасименко (үстел теннисі)
17. Сергей Емельянов (каноэ)
18. Андрей Ергучев (каноэ)
19. Дәулет Ниязбеков (күрес)
20. Қайрат Сарымсақов (таэквондо)
21. Алексей Луценко (велоспорт)
22. Сұлтан Дузельбаев (садақ ату)
23. Санжар Мұсаев (садақ ату)
24. Денис Галкин (садақ ату)