Даңқты футболшы Дэвид Бекхэм өз командасын таныстырды

Даңқты футболшы Дэвид Бекхэм өз командасын таныстырды
Фото: vk.com

Англия құрамасының экс-капитаны Дэвид Бекхэм Майамида футбол командасын құрғаны туралы 2014 жылы хабарлаған еді. Бірақ, америкалық лигаға шығу құқығына  күні кеше ғана жетті.

Бұл туралы ақпарат MLS комиссары Дон Гарбер мен Майами-Дейд аймағының мэрі Карлос Хименес қатысқан конференцияда жарияланды. Бірінші матч 2020 жылға жоспарланып отыр.

«Біздің Майамиде MLS клубын ашсақ деген арманымыз орындалды. Біз өте ризамыз, десек те қобалжу сезімі де жоқ емес», – деді Бекхэм пресс-конференцияда сөйлеген сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Бекхэм франшизаны (Майамида клуб ашуға) 2007 жылы сатып алған болатын. 

А. Оралқызы