Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын Грузияға қарсы ойынмен бастайды

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын Грузияға қарсы ойынмен бастайды

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын Грузияға қарсы ойынмен бастайды

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (УЕФА) ресми сайтында Ұлттар лигасы жарысының күнтізбесін жариялады.

Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы ойынын Грузияға қарсы ойынмен бастайды. Бұл құраманы жаттықтыратын бапкер Владимир Вайсстың есімі қазақ спортсүйер қауымына таныс-ақ. Бұл маман осыған дейін Алматының "Қайрат" клубын жаттықтырған болатын. Қос құрама арасындағы ойын 6 қыркүйек күні Қазақстанда өтеді.

Топтық кезеңдегі ойындар жыл соңына дейін аяқталады.

6 қыркүйек: Қазақстан - Грузия
10 қыркүйек: Андорра - Қазақстан
13 қазан: Латвия - Қазақстан
16 қазан: Қазақстан - Андорра
15 қараша: Қазақстан - Латвия
19 қараша: Грузия - Қазақстан

Айта кетейік, Ұлттар лигасы – Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (УЕФА) қолға алған жаңа футбол додасы. Халықаралық футбол күнтізбесіне сәйкес, әр екі жыл сайын өтетін болады. Жарыстың мақсаты – ұлттық құрамалар деңгейінде футболдың өркендеуі мен ресми ойындардың санын арттыру. Бұл жарысқа УЕФА құрамына кіретін 55 елдің футбол қауымдастығының құрамалары қатысады. Кеше Лозаннада жеребе тарту рәсімі өтті. Жарыс туралы толығырақ мына сілтемеге өтіп біле аласыздар.

"D" дивизионы төрт топтан,әр топ төрт командадан тұрады. Әр топтың жеңімпазы "С" дивизионына ауысады. Сонымен қатар "Еуро-2020" жолдамасы сарапқа салынатын іріктеу ойындарына қатысады.

Фото: kff.kz
Қосылған күні: 25 қаңтар 2018, 10:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.