Қанат Ислам WBO рейтингінде бір орын төмендеді

Қанат Ислам WBO рейтингінде бір орын төмендеді
Фото: Vesti.kz

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір саты төмен сырғыды.

Бүгін Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингі шықты. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Қанат Ислам бір саты төмен сырғып, үшінші орынға жайғасты.

Ал рейтингтің көш басында британдық боксшы Лиам Смит келе жатыр. Екінші орынға ресейлік Магомед Курбанов көтерілген.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін сақтап қалған-ды.

Ө. Сансызбай