Қазақстандық фристайлшылар Трембландағы әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды

Қазақстандық фристайлшылар Трембландағы әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды
Фото: Prosports.kz

Канаданың Тремблан қаласында могулдан әлем кубогының VII кезеңі аяқталды. Қазақстандық фристайлшылар Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышева жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ерлер арасында Дмитрий Рейхард қола жүлдеге қол жеткізді. Күміс медаль канадалық Майкл Кингсбериге бұйырса, алтынды жапон Икума Хорисима жеңіп алды.

Әйелдер арасында Юлия Галышева да қола жүлдегер атанды. Бұл жарысқа қазақстандық спортшы жарақаты болса да қатысты. Күміс медаль канадалық Анди Наудеге бұйырса, тағы бір канадалық Жюстин Дюфур-Ляпойнт жарыста топ жарды.

Қазақстандық спортшылар жақын күндері Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына дайындығын бастайды. Бұл доданың басталуына 19 күн қалды.

Могулдан әлем кубогының VII кезеңі, Тремблан, Канада

Ерлер

1. Икума Хорисима (Жапония) - 93.88
2. Майкл Кингсбери (Канада) - 93.27
3. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан) - 88.44

Әйелдер

1. Жюстин Дюфур-Ляпойнт (Канада) - 87.43
2. Анди Науде (Канада) - 85.35
3. Юлия Галышева (Қазақстан) - 84.61

Ө. Сансызбай