"Барыс" 9 ойыннан кейін жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
"Барыс" 9 ойыннан кейін жеңіске жетті
Фото ©️ Автомобилист ХК

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" 9 ойыннан кейін жеңіске жетті. Елордалық команда Екатеринбургте "Автомобилисті" 4:2 есебімен ұтты.

БӨЛІСУ

Ойындағы бірінші шайбаны 9 минутта Ярослав Евдокимов соғып, "Барысты" алға шығарды. Екінші кезеңде үш шайба соғылды. Никита Михайлис 28 минутта елордалық команданы екі шайба басымдығымен алға шығарды. Хоккейші мұз айдын иелері қақпасына асқан шеберлікпен шайба соқты.

34 минутта "Автомобилист" сапынан Алексей Василевский нәтижені қысқартты. 39 минутта Роман Старченко "Барыстың" ойындағы үшінші шайбасын есепке тіркеді.

Үшінші кезең де нәтижелі болды. 47 минутта Роман Старченко ойындағы екінші шайбасын соғып, дубль орындады. 58 минутта "Автомобилист" сапынан Александр Торченюк команданың екінші шайбасын соғып, соңғы нәтижені тіркеді.

Осыған дейін "Барыс" команданың осы маусымдағы ең үздік сұрмергені канадалық сұрмергені Линден Веймен келісімшартын үзген еді. Ол Швейцарияның "Цюрих" командасына ауысты. Сондай-ақ Константин Пушкарев, Джеймс Райт пен Мэтт Фрэттин де команданың сырт алаңдағы ойындарына барған жоқ.

67 ұпай жинаған "Барыс" Шығыс конференцияда 10-орында келеді. 8-орында тұрған "Сібір" командасынан 9 ұпайға қалып келеді. Келесі ойынын 21 қаңтар күні Астанада "Ладаға" қарсы өткізеді.

"Автомобилист" — "Барыс" 2:4 (0:1, 1:2, 1:1)

Шайба соққандар: 

0:1 — 08:17 Евдокимов (Михайлис, Сагадеев). Тең құрамда
0:2 — 27:37 Михайлис. Тең құрамда
1:2 — 33:58 Василевский (Хрипунов, Гареев). Тең құрамда
1:3 — 38:45 Старченко (Даллмэн). Тең құрамда
1:4 — 46:56 Старченко (Доус). Тең құрамда
2:4 — 58:36 Торченюк (Гареев, Василевский). Ойыншы басымдығында 

"Автомобилист": Коварж 00:00-40:00, Сохатский 40:00-60:00 — Василевский-Чайковски, Крикунов-Кучерявенко-Миловзоров; Тимашов-Мегалинский, Чесалин-Торченюк-Голышев; Егоршев-Куляш, Кинг-Попов-Паренто; Щемеров, Гареев-Пестунов-Хрипунов; Белоцкий;

"Барыс": Кудрявцев — Даллмэн-Семенов, Доус-Кучин-Старченко; Маклюков-Диц, Михайлис-Сагадеев-Евдокимов; Липин-Орехов, Жайлауов-Гурков-Гренц; Полохов-Шалапов, Маркелов-Шевченко-Никулин.

Айып уақыты: 4:12 (2:0, 0:2, 2:10)

Төрешілер: Юрий Оскирко, Максим Сидоренко

18 қаңтар. Екатеринбург. «Уралец». 5000 көрермен.