Каталония дербиінде "Эспаньол" "Барселонаны" 9 жылдан кейін ұтты

О Сансызбай Корреспондент
Каталония дербиінде "Эспаньол" "Барселонаны" 9 жылдан кейін ұтты
Фото ©️ rsport.ru

Футболдан Испания кубогының ширек финалында "Барселона" "Эспаньолдан" ұтылды. "Корнелья-Эль Прат" стадионында өткен каталондық дербиде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Ойында "Эспаньол" командасына жеңіс сыйлаған голды 87 минутта Оскар Мелендо соқты. Ал 61 минутта "Барселонаның" көшбасшысы Лионель Месси пенальтиден гол соға алмады. Аргентиналық сұрмергеннің теп добын қақпашы Диего Лопес (кезінде "Реалда ойнаған) қайтара білді.

Каталондық дербиде "Эспаньол" "Барселонаны" 9 жылдан кейін ұтты. Сондай-ақ "блаугрананың" 29 ойынға созылған жеңіліссіз ойындар сериясына нүкте қойылды. Лионель Месси бастаған жігіттер соңғы рет 2017 жылдың тамыз айында "Реалға" ұтылған болатын.

Қос команда арасындағы қарымта 25 қаңтар күні "Камп Ноуда" өтеді.