Қазақстандық спортшылардың қысқы Олимпиададағы киім үлгісі қандай болады?

Қазақстандық спортшылардың қысқы Олимпиададағы киім үлгісі қандай болады?

Бүгін Астана қаласында Пхенчханда өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшылардың спорттық киім үлгісін Жапонияның "Mizuno" компаниясы шығарған. Кез келген ауа райында спортшыларға ыңғайлы болуы үшін  Breath Termo технологиясы пайдаланылған. Көк түсті спорттық киім үлгілері ұлттық ою-өрнектермен де нақышталған.

Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев көтеріп шығады.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея жеріндегі қысқы Олимпиада ойындарына (9-25 ақпан аралығы) әлемнің 80-нен астам елінен 5000-ға жуық спортшы мен ресми тұлға қатысады деп жоспарланған. 15 спорттық сайыс түрі бойынша 98 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.

Қазақстандық спорт делегациясы Пхенчхандағы додаға 9 спорт түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Атап айтар болсақ, биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шана спорты, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл (акробатика, могул) секілді спорт түрлерінен отандастарымыз бақ сынайтын болады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 33 жолдама бар. Қазақстандық спортшылар биатлон, коньки спорты және шорт-тректен 10 жолдамадан иеленсе, мәнерлеп сырғанаудан 3 жолдама бар. Жоспар бойынша жолдамалар санын 50-ден асыру баса назарға алынуда.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абай философиясы
Абай философиясы
“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді
“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді
Абай шығармашылығын зерттеушілер
Абай шығармашылығын зерттеушілер
i-balaqai: Қазақстандағы балалардың қауіпсіздігі туралы
i-balaqai: Қазақстандағы балалардың қауіпсіздігі туралы
"Абай – рухани реформатор" атты президент мақаласындағы 5 маңызды ой
"Абай – рухани реформатор" атты президент мақаласындағы 5 маңызды ой