Өзбектер футбол жаттықтырушысын өмір бойына қызметтен шеттетті

Өзбектер футбол жаттықтырушысын өмір бойына қызметтен шеттетті

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасын әлем чемпионатына алып шыға алмаған жаттықтырушы Самвел Бабаян елдегі футбол саласындағы қызметтерден өмір бойына шеттетілді. Мұндай шешімді кеше футболдан Өзбекстан атқарушы комитеті қабылдады.

46 жастағы маман Өзбекстан құрамасын 2015 жылдың маусымынан 2017 жылдың қыркүйек айына дейін жаттықтырды. 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында топта төртінші орын алып, жолдамадан қағылды. Қосымша жолдамаға таласу мүмкіндіктері болғанмен, оны да пайдалана алмады.

Өзбекстан футбол федерациясы жаттықтырушыны тәжірибелі мамандар мен сарапшылар пікіріне құлақ аспай, өзі таныс ойыншыларды ғана ойнатты деп айыптап отыр.

- 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі кезінде Бабаян футболшылардың физикалық дайындығына баса мән бермей, өзіне таныс ойыншыларды ғана алаңға шығарып отырған. Құрамадағы тәртіпті сақтамай, жұмысына ат үсті қараған. Бұл жағдай жанкүйерлердің де наразылығын тудырды, - дейді Өзбекстан футбол федерациясы.

Қазіргі таңда Өзбекстан құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалған жоқ. Қашан жаңа маманның келетіні де белгісіз.

Самвел Бабаян – Ташкент қаласының тумасы. Футболшы ретінде аса жоғары жетістікке жетпеген. Футбол клубтарында менеджер болған. 2002 және 2014 жылдар аралығында "Пахтакор" командасының вице-президенті болған. Кейінгі екі маусымда бас жаттықтырушы қызметін атқарған. 2015 және 2017 жылдар аралығында ұлттық құрамамен қатар Өзбекстан олимпиадалық құрамасын (23 жасқа дейінгі) да жаттықтырған.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
NASA SpaceX миссиясының суреттері
NASA SpaceX миссиясының суреттері
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес