Геннадий Головкинге Қарағанды облысының "Құрметті азаматы" атағы табысталды

О Сансызбай Корреспондент
Геннадий Головкинге Қарағанды облысының "Құрметті азаматы" атағы табысталды
Фото ©️ EKaraganda.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) Қарағанды облысының Құрметті азаматы атағы табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Боксшыға бұл марапатты Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов табыстады. Спортшыны депутаттар мен жаттықтырушылар құттықтады.

Геннадий Головкинге Қарағанды облысының "Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясында депутаттар бірауыздан қолдаған болатын.

"Құрметті азамат атағы" - ел мен өңірдің дамуы мен танылуында ерекше еңбек сіңірген жандарға беріледі. Сонымен қатар азаматтардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесін ұлықтап, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм үлгісінде тәрбиелеуді көздейді. Бұл атақ өмір бойына беріледі. Сотты болған жағдайда ғана атағынан айырылады.

34 жастағы Геннадий Головкин Қарағанды өңірінің тумасы. Қазіргі таңда орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие.