"Астана" баскетбол клубының бас жаттықтырушысы қызметінен босатылды

О Сансызбай Корреспондент
"Астана" баскетбол клубының бас жаттықтырушысы қызметінен босатылды
Фото ©️ Астана БК

"Астана" баскетбол клубының осы маусымдағы төмен көрсеткіштеріне байланысты команданың бас жаттықтырушысы Костас Флеваракис қызметінен босатылды. Бұл туралы "Астана" баскетбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

БӨЛІСУ

"Астана" баскетбол клубының бас жаттықтырушысы міндетін атқарушы болып Михаил Карпенко тағайындалды.

Михаил Владимирович Карпенко - ресейлік маман, 20 жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушы. Өз мансабын 1997 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бастап, онда 10 жыл жұмыс істеген. Қызметінде М.Карпенко Саратовтың "Автодор" кәсіпқой клубын басқарған, Ростов-на-Донудың "Атаман" баскетбол клубында жұмыс істеген. Соңғы үш маусымда маман ақтаулық "Каспий" клубында болып, онда қазақстандық баскетболмен, ойыншылармен және ұлттық лига ерекшеліктерімен етене таныс. Қазіргі спорт маусымында Михаил Карпенко "Астана" баскетбол клубы бас жаттықтырушысының көмекшісі қызметінде болған.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта маман баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылық құрамын басқарады. Михаил Карпенконың жетекшілігімен ұлттық құрама әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ойындарды сәтті өткізіп келеді.

Команданы және ойыншыларды жақсы білуіне, клубтың негізгі міндеттері мен мақсаттарын түсінуіне байланысты, сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасының жақсы көрсеткіштеріне байланысты Михаил Карпенко "Астана" бас бапкері міндетін атқарушы болып тағайындалды.