Испания чемпионатында "Барселона" "Реалдан" 16 ұпайға озды

О Сансызбай Корреспондент
Испания чемпионатында "Барселона" "Реалдан" 16 ұпайға озды
Фото ©️ Goal.com

Футболдан Испания чемпионатының ХVIII тур ойындары аяқталды. Көш басындағы каталондық "Барселона" мадридтік "Реалдан" 16 ұпайға озды.

БӨЛІСУ

ХVIII турда "блауграна" өз алаңында "Левантемен" ойнап, 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Команда сапында Лионель Месси, Луис Суарес және Паулиньо гол соқты.

Мадридтік "Реал" сырт алаңда "Сельтамен" тең түсті. Ойында 2:2 есебі тіркелді. Алаң иелері сапынан Даниэль Васс (33 минутта) пен Максимилиано Гомес (82 минутта) гол соқса, "корольдік клуб" қатарынан Гарет Бэйл (36 және 38 минутта) дубль жасады. Сондай-ақ 72 минутта "Сельта" сапынан Яго Аспас пенальти орындай алмады. Оның тепкен добын қақпашы Кейлор Навас сәтті қайтара білді.

Испания ла лигасының (чемпионаты) осы маусымында "Барселона" әлі ұтылған жоқ. 15 ойында жеңіске жетіп, 3 рет тең түсті. Екінші орында тұрған мадридтік "Атлетикодан" 9 ұпайға озып келеді. 32 ұпайы бар "Реалдың" еншісінде әлі бір артық ойыны бар.

ХVIII тур ойындарының нәтижелері

6 қаңтар

"Атлетико Мадрид" – "Хетафе" 2-0
Гол соққандар: Корреа 18, Диего Коста 68

"Валенсия" – "Жирона" 2-1
Гол соққандар: Хонас 27, Парехо 48, - Мансанера 8

"Лас-Пальмас" – "Эйбар" 1-2
Гол соққандар: Хонатан 32 – Орельяна 73, Серхио 77

"Севилья" – "Бетис" 3-5
Гол соққандар: Бен Йеддер 13, Кьяер 40, Ленгле 67, - Руис 1, Феддаль 21, Дурмиси 63, Леон 65, Тельо 90+6

7 қаңтар

"Леганес" – "Реал Сосьедад" 1-0
Гол соққан: Пирес 75

"Барселона" – "Леванте" 3-0
Гол соққандар: Месси 12, Суарес 38, Паулиньо 90+3

"Вильярреал" – "Депортиво" 1-1
Гол соққандар: Унал 30 – Андоне 84

"Атлетик Бильбао" – "Алавес" 2-0
Гол соққандар: Эчейта 8, Адурис 64

"Сельта" – "Реал" 2-2
Гол соққандар: Васс 32, Гомес 82 – Бэйл 36, 38

Бүгін түнде "Малага" мен "Эспаньол" клубтары арасындағы ойын өтеді.