Қытайдағы "қазақ жауынгері" кәсіпқой бокстағы чемпиондық атағын сәтті қорғады

О Сансызбай Корреспондент
Қытайдағы "қазақ жауынгері" кәсіпқой бокстағы чемпиондық атағын сәтті қорғады
Фото ©️ vk.com

Қытайдағы қазақ кәсіпқой боксшысы Елхат Нығметолла жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағын сәтті қорғады. Шэнчженде (Қытай) өткен бокс кешінде индонезиялық боксшы Икал Тобиданы үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

БӨЛІСУ

Елхат Нығметолла "қазақ жауынгері" деген лақап атпен танымал. Осыған дейін кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп, 11-де айқын жеңіске жеткен. Бір кездесуінде қарсыласымен тең түскен.

Индонезиялық боксшы болса кәсіпқой бокста Елхаттан көп кездесу өткізгенмен, жеңіске жеткен жекпе-жегі аз. 38 жекпе-жектің 13-де ғана қарсыласын жеңген. 24 рет жеңіліп, 1 рет тең түскен.

Елхат Нығметолла қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) жерлесі. Екі боксшы да Қытайдың Алтай өңіріндегі Іле Қазақ автономиялық облысының Синьцзян аймағында дүниеге келген.