Алексей Полторанин "Тур де Скидің" соңғы кезеңінде төртінші орын алды

Алексей Полторанин "Тур де Скидің" соңғы кезеңінде төртінші орын алды
Фото: vesti.kz

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин "Тур де Ски" көпкүндігінің соңғы кезеңінде төртінші орын алды. 10 шақырымға еркін әдіспен жүруде швейцариялық Дарио Колонья үздік шықты.

Швейцариялық шаңғышы жарыстың жалпы қорытындысы бойынша да жеңімпаз атанды. Алексей Полторанин үздік үштікке іліге алмады.

Соңғы кезеңде Дариодан кейін екінші орынға норвег Мартин Сундбю ие болды. Үшінші орынды канадалық Алекс Харви иеленді. Ал Алексей Полторанин төртінші болды. Жалпы есепте де төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, кеше қазақстандық шаңғышы 15 шақырымды классикалық әдіспен жүрудегі масс-старт сынында жеңімпаз атанған болатын. Ал Швейцарияның Ленцерхайде аймағында өткен екінші кезеңде күміс медальға ие болған еді.

Ө. Сансызбай