"Қайраттың" алғашқы жаттығуға жиналған футболшылары

О Сансызбай Корреспондент
"Қайраттың" алғашқы жаттығуға жиналған футболшылары
Фото ©️ fckairat.kz

"Қайрат" футбол клубы 2018 жылғы алғашқы жаттығу жиынына жиналған футболшыларының тізімін жариялады.

БӨЛІСУ

Алматыдағы алғашқы жиын футболшыларды спорттық баптарына келтіруге ықпал ету мақсатында өткізіле бастаған. Алғашқы оқу-жаттығу жиынына келген футболшылар тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов, Илья Караваев;

Қорғаушылар: Елдос Ахметов, Ермек Қуантаев, Ғафуржан Сүйімбаев, Нұрәлі Әліп, Нұрлан Дайыров, Шелдон Бато, Александр Соколенко, Тимур Рудосельский, Ян Вороговский, Станислав Лунин, Седрик Гогуа, Сергей Кейлер;

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Исаэль Барбоза, Айбол Әбікен, Иво Иличевич, Георгий Жуков, Акош Элек, Андрей Аршавин, Ойбек Балтабаев, Магомед Парагульгов, Рифат Нұрмұғамет, Максим Котов;

Шабуылшылар: Чума Анене, Вячеслав Швырёв.

Айта кетейік, "Қайрат" командасынан Жерар Гоу, Сесар Арзо  мен Жарко Марковичтің кеткені белгілі болған еді. Сондай-ақ, ресейлік футболшы Андрей Аршавинмен келісімшартын тағы бір маусымға ұзартқан болатын.