Қара құрлықтың ең үздік футболшысы анықталды

Қара құрлықтың ең үздік футболшысы анықталды
Фото: cafonline.com

Мысыр ұлттық құрамасы мен "Ливерпульдің" жартылай қорғаушысы Мұхаммед Салах 2017 жылғы Африка құрлығының үздік футболшысы атанды. Бұл туралы Африка футбол қауымдастығының ресми сайты хабарлады.

Африка футбол конфедерациясының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 25 жастағы футболшы 625 дауыс жинаған. Ол клубтық командаласы сенегалдық Садьо Мане (507 дауыс) мен дортмундтық "Боруссияның" габондық шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянгты (311) басып озған.

2017 жылғы Африка құрлығындағы ең үздік жаттықтырушы марапатына Мысыр құрамасын жаттықтыратын аргентиналық маман Эктор Купер ие болды. Ал Мысыр құрамасы жылдың үздік құрамасы атағын жеңіп алды.

Африка құрлығының үздік футболшысы
Мұхаммед Салах (Египет)

Қыздар арасында жылдың үздік футболшысы
Асисат Ошоала (Нигерия)

Жылдың ең жас футболшысы
Патсон Дака (Замбия)

Жылдың ең үздік жаттықтырушысы
Эктор Купер (Египет)

Жылдың үздік клубы
Видад Касабланка (Марокко)

Жылдың үздік құрамасы
Мысыр

Қыздар арасында жылдың үздік құрамасы
Оңтүстік Африка

Африка құрлығының жыл үздіктері:

Қақпашы: Аймен Матлути (Тунис)
Қорғаушылар: Ахмед Фатхи (Египет), Эрик Байли (Кот д’Ивуар), Али Малоул (Тунис)
Жартылай қорғаушылар: Мұхамед Унажем (Марокко), Карим әл-Ахмади (Марокко), Джуниор Аджайи (Нигерия), Ашраф Беншарки (Марокко)
Шабуылшылар: Халид Бутаиб (Марокко), Мұхамед Салах (Египет), Таха Яссин Хенисси (Тунис)  

Ө. Сансызбай